×

Бұл – мәдениеттің төмендігі: Жеңіс Қасымбек Тәжікстан көрмесіндегі жағдайға байланысты пікір білдірді

Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылады

Бұл – мәдениеттің төмендігі: Жеңіс Қасымбек Тәжікстан көрмесіндегі жағдайға байланысты пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Тәжікстанның ЭКСПО көрмесіндегі оқиғадан кейін Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылды. Дегенмен өкініштісі, жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырды. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі. Кейбір адамдардың орынсыз әрекетіне байланысты Астана қаласының барлық тұрғынына сөз тиді", - дейді қала әкімі.

 

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылып, құқық бұзушылар жауапқа тартылатынын атап өтті.

Бұған дейін Астана әкімдігінің өкілі адамдардың әрекетінен еш кемшілік көрмегенін, Тәжікстаннан келген қонақтардың өздері тауарларын тегін таратқанымен түсіндірген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →