×

Пригожинмен бірге қаза тапқан Қазақстан тумасының денесі жер қойнына табысталды

Ол стюардессаның анасы Қазақстанда тұратынын да мәлімдеді

Пригожинмен бірге қаза тапқан Қазақстан тумасының денесі жер қойнына табысталды

Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен бірге ұшақ апатынан қаза тапқан жалғыз әйел - Қазақстанның 39 жастағы тумасы Кристина Распопованың денесі жер қойнына табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына марқұмның тәтесі Елена Абраменкова айтты. Ол стюардессаның анасы Қазақстанда тұратынын да мәлімдеді.

Бүгін марқұмның мәйітін елге апарып, жерледі. Анасы маған кеденшілер үш сағат бойы ұстағанын, жібермей қойғанынайтты», - деді Абраменкова.


Сондай-ақ ол Распопованың жеке басын растау үшін оның ағасы ДНК сараптамасын тапсырғанын да растады.

Кристина Распопова «МНТ Аэро» компаниясының қызметкері болған және апатқа ұшыраған ұшақта бортсерік қызметін атқарған.
Starhit.ru сайтының хабарлауынша, Кристина Челябі облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі. Екеуі де Қазақстанда туған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Кеше, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →