×

Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы да көшеде әйелді ұрып соққаны белгілі болды

Ол сондай-ақ  денесіндегі жарақат пен көгерген жерлерін көрсетті

Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы да көшеде әйелді ұрып соққаны белгілі болды
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы  көшеде әйелді ұрған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ешқандай ерекше ештеңе жоқ. Instagram желісінде бір әйел өзін ұрып-соққан видеосын жариялады. Тағы да сол депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлдары. Бұл жолы ортаншы ұлы», - деп жазды журналист Михаил Козачков сәрсенбі күні өзінің Telegram-арнасында.

Видео кадрды Instagram желісінде  _eva._t есімді қолданушысы жариялаған.

«Депутаттардың ұлдары әкесінің атын осылай қорлайды! Бір-бір қыздың жолы Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген адаммен жолы түйіспейді деп үміттенемін», - деп жазды әйел. 

Ол сондай-ақ  денесіндегі жарақат пен көгерген жерлерін көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер Нұрасыл Болат екені кейін анықталды
3 шілдеде Болат ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.
4 шілдеде Тұрлыханов тергеуде жатқан ұлымен мақтанатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →