×

Алматы облысында анасы мен балаларын өлтіріп, өртеп жіберген күдікті ұсталды

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

Алматы облысында анасы мен балаларын өлтіріп, өртеп жіберген күдікті ұсталды
polisia.kz

Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні ұстады. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

- Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

- Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген, - деді толықтырды Әленов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →