Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте белгілі болады
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі жақындаған тұста әр түрлі қаңқу сөздер тарай бастады. Тіпті, аттардың бірі зорығып өліп, еті қазанға түсіпті деген ақпарат желіде тарады. Осыған қатысты «Ұлы дала жорығы» жобасының авторы Бақытжан Тұрлыбектің пікірін білген едік, деп хаабарлайды Qaz365.kz.
«Таңертең Түркістан командасы жарыстан шығып қалды. Сол кезде бір ат ауырып тұр деген хабар алдық. Осыдан соң ол атты сойыпты, базарға апарып сатып жіберді деген әңгіме желіде тарап кетті. Алайда ешқандай факті жоқ. Түркістан командасынан бір ат шығып қалған соң, осы қауесет басталды. Команда болу үшін үш ат болуы тиіс. Сойған, сатып жатқан сәттің суретін ешкім көрген жоқ», - дейді Бақытжан Тұрлыбек.
Оның айтуынша, тіпті жарамай қалған атты егесі сойып, колбаса жасайтын жерге өткізіп жіберді деген әңгімелер болған.
«Иесінен сұрасам, ауылға жібердім деп отыр. Фактісі жоқ ақпараттар көп тарап жатыр, - дейді жоба аворы.
Айта кетейік, Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте белгілі болады.