×

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің саудагерді соққыға жыққан видео тарады

Куәгерлердің айтуынша, саудагер тауарды жинаудан бас тартқан

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің саудагерді соққыға жыққан видео тарады
Qaz365.kz коллажы

Әлеуметтік желілерде алматылық полиция қызметкерінің саудагерді қарсылық көрсеткені үшін соққыға жыққан видео тарап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 24 қыркүйекте Алматыдағы Розыбакиев көшесінде болған-мыс. 

Оқиға куәгері Айгүл Хакимованың видеосында көшедегі саудагерге Серік атты полиция қызметкері келе жатқанын көруге болады. Полиция өкілі саудаға тыйым салып, саудагерден тауарды жинауын талап етеді. Куәгерлердің айтуынша, тауарды жинаудан бас тартқаны үшін полиция қызметкері күш қолданып, саудагердің басын жарған.

Біз полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарластық. Ресми мәлімдемені күтудеміз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →