×

Семейде жол бойындағы дәретханадан 4 жастағы баланың денесі табылды

Абай облысында полиция жас баланың өлімінің мән-жайын тергеп жатыр

Семейде жол бойындағы дәретханадан 4 жастағы баланың денесі табылды
Стопкадр

Семейде жол бойындағы дәретханаға белгісіз біреу 4 жасар баланың денесін лақтырып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz порталы Ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысында полиция жас баланың өлімінің мән-жайын тергеп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша баланы біреу өлтіріп, Семей маңындағы дәретханаға денесін лақтырып кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары қала тұрғынының баласын күтушіге қалдырып кеткенін жазады. Үйіне қайтқан кезде анасы баласын таппай қалған. Күтуші бала танысының үйінде екенін айтқан. Кейін сұмдық жайттар белгілі болды. Баланың қалай өлгені белгісіз. Белгілісі - күтушінің күйеуі баланың денесін спорт сөмкесіне салып алып, жол бойындағы дәретханалардың біріне лақтырған. Ресми түрде жарияланған мәлімет тым аз. Тек полицияның күдіктіні ұстап, тергеу жүргізіп, сот медициналық сараптама тағайындағаны айтылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →