×

Депутат Сайыров экс-министр Бекетаевтың не үшін ұсталғанын айтып берді

Бекетаевтың ісі Ескі Қазақстанның басқа да экономикалық былықтарын шығаруы мүмкін

Депутат Сайыров экс-министр Бекетаевтың не үшін ұсталғанын айтып берді
коллаж Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Әділет экс-министрі Марат Бекетаевтың ұсталуын әйгілі Стати ісімен байланыстырды. Өз парақшасында видео жариялаған депутат заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісі тың серпіліспен ілгерілейтінін айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бекетаевқа қатысты мынадай фактілер бар: 2010 жылдары Молдавия Республикасының сол кездегі президенті Владимир Воронин – өзі коммунист Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстанда Стати деген бизнесмен жұмыс істеп жүр, өзі Сороспен байланысты, сондықтан оны қуып жіберуіңізді өтінемін» деп өтініш жасайды. Сол кезде Назарбаев өз шешімімен Статиді қуып жібереді де, бүкіл мүлкін бизнесмен Құлыбаев алып алды деген ақпарат бар. Бірақ бұл ақпарат әлі сотпен дәлелденбеген», – дейді Ерлан Сайыров.

Депутаттың айтуынша, осыдан кейін Анатол Стати Қазақстанда сотқа береді. Сол шетел юрисдикциясында Статимен соттасу үшін Марат Бекетаев фирма құрып, бюджеттен жүздеген миллион доллар бөлінеді.

«Стати жеңе береді. Қазақстан жеңіле береді. Бірақ Қазақстан жеңілген сайын бюджеттен бөлінетін қаражат көбейе береді. Әртүрлі лобби топтарды, адвокаттарды жалдайды. Шетелдегі адвокаттар Қазақстанның ісінің дұрыс еместігін көргеннен кейін ақшаны көп сұрайды. Өздері де жымқырған болуы ықтимал. Бюджеттің жүздеген млн доллары бір ғана адамның валютаристік шешімін қорғау үшін осылай шетелге кете береді. Әрине, әділетсіздік болғаннан кейін Қазақстанның жағдайы мүшкіл болды. Міне, осыны пайдаланып, Бекетаев тәріздес адамдардың өздері де бюджет ақшасына қол жұмсап жіберуі ықтимал», – дейді ол.

Ерлан Сайыровтың пайымдауынша, Бекетаевтың ісі Ескі Қазақстанның басқа да экономикалық былықтарын шығаруы мүмкін. 

«Өйткені бұл азаматтар ескі истеблишменттің ақшаларын өздері шетелге шығарған. Шетелде бұл ақшалар қай жерде жатқанын бәрі біледі. Сондықтан активтерді қайтару үшін тағы бір үлкен жаңа серпіліс берері анық», – дейді Сайыров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →