×

«Әкімдік жасыруға тырысқан». Аягөзде бір үйдің төрт баласы өртеніп кетті

Қазақстанда мұндай қайғылы жағдай алғаш рет емес

«Әкімдік жасыруға тырысқан». Аягөзде бір үйдің төрт баласы өртеніп кетті
Ашық дерекезден

Абай облысы Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, баланың үлкені 8 жаста, кішісі енді тәй-тәй басқан. 

«Бұл отбасын жақсы білетін аягөздік оқырмандарымның айтуынша, балалардың әкесі сантехник, анасы жұмыссыз. Аудандық басшылар табысың көп деп мемлекеттен алып отырған АӘК кесіп тастапты. Қайран шеше 4 балаға нәпақа болсын деп сүт сатуға үйден шығып кеткен екен. Базарға жүгіріп барып келгенде құлыншақтарының орнын сипап қалды. Көз алдындағы баладан әп сәтте айырылу деген қандай қиын… ешкімнің басына бермесін. Ананың декреттік уақытын балаға көңіл бөлу орнына нан табуға жүгіртіп қойған қу жоқшылық-ай!..» – деп жазды журналист.

Бұл қайғылы жағдай 25 қазанда таңертеңгілік болыпты. Бірақ Аягөз ауданының әкімдігі оны жасыруға тырысқан.


«4 баланың өлімі жайлы жазған жергілікті блогерлерді қудалап, жазбасын өшіртуін қалай түсінеміз?
 Бәлкім енді бұл отбасына табиғи газбен жылитын үй берілетін шығар? Бірақ 4 періштенің әке-шешесін ешкім және ештеңе жылыта да, жұбата да алмайды.
4 періштенің жаназасы 26 қазанда Аягөз орталық мешітінде өтеді», – дейді Гүлмира Әбіқай.


Қазақстанда мұндай қайғылы жағдай алғаш рет емес. 2019 жылы Астананың Көктал-1 елді мекенінде көмірмен жылынатын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмды. Бұл қайғылы оқиға қоғамда резонанс туғызған болатын. 

2021 жылы Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында да газ баллоны өртеніп, бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →