Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Instagram парақшасында елордада жарықтың неліктен сөндірілгені туралы айтқан еді
Астананың барлық ауданында жарық қосылды. Қала әкімдігі электр желісінің қалпына келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бүкіл қала бойынша электр желісінің жұмысы қалпына келтірілді. Жұлдыз, Шығыс, Астана қалалық, орталық, ПНФ, Степная қосалқы станциялары қосылды. Өнеркәсіп аймағында, Қазқалашық тұрғын алабы ауданында жұмыс бірнеше минуттан кейін аяқталады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Instagram парақшасында елордада жарықтың неліктен сөндірілгені туралы айтқан еді.
«Бірқатар шағын аудандарда апатқа байланысты желілерде электр қуаты жоқ. Барлық төтенше жағдайлар және коммуналдық қызметтер апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты шахмат тәртібімен қайта қосылып жатыр: ішінара Оңтүстік-Шығыс, Мыңжылдық аллеясы, бірқатар тұрғын елді мекендері және т.б. Жақын арада барлық басқа учаскелер электр қуатына қосылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді ол.