×

Тағы бір кен орнында қайғылы жағдай болды

Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады

Тағы бір кен орнында қайғылы жағдай болды
egemen.kz

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оқиға «ССГПО» АҚ аумағында болған. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

Кеше WhatsApp мессенжерінде пайдаланушылар бір-біріне сурет таратты.

Онда Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісінде жұмысшыны ток соққаны айтылады. 

«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы мерт болды. «ССГПО» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады кәсіпорыннан. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →