×

BAZIS-A уақытылы жөндеп бітпей, ауруханадан анаша шегетін «аппарат» табылған – Павлодарда шу шықты

«Құрылыс жұмыстарына жауапты «BAZIS-A» компаниясы тарапынан мүлде бақылау жоқ» дейді депутат

BAZIS-A уақытылы жөндеп бітпей, ауруханадан анаша шегетін «аппарат» табылған – Павлодарда шу шықты
Фото коллаж Qaz365.kz

Павлодар облыстық мәслихаты депутаты Амангелді Маханбет Павлодар қаласының №1 клиникалық ауруханасының құрылыс жұмыстары кешеуілдеп жатқанын хабарлап, әлеуметтік желіге видео жүктеді. Ең қызығы, құрылыс нысанына тексеруге барған депутаттар нысаннан екі бірдей анаша шегетін құрылғы тауып алған. «Құрылыс жұмыстарына жауапты «BAZIS-A» компаниясы тарапынан мүлде бақылау жоқ» дейді депутат. 

Павлодар облыстық Respublica партиясының филиалы төрағасы Амангелді Маханбеттің айтуынша, құрылысы бітпеген емхана – қаладағы ең үлкен клиника. Нысанның жөндеу, құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңында басталған. Бас мердігер – «Базис-А» корпорациясы. Жалпы құрылысына 12,3 млрд теңге бөлінген. Соның 3 млрд теңгесі құрылыс жұмыстарына, 9 млрд теңгесі медицина құрылғыларына көзделген. 
 

– Ең әуелі сұрақ туғызып тұрған мәселе –  құрылыс компаниясы қалайша медициналық құрылғыларды әкеп қояды? Ол мәселені көтердік. Екінші мәселе – 2024 жылдың 1 қаңтарында бұлар емхананы тапсыруы керек. Бірақ біз мамыр айынан бастап бес-алты рет мониторинг жасап едік, әр барған сайын компанияның облыстағы басқарушы директоры Руслан Мұстафин бізге өтірік айтады. Құрылыс жұмыстарын кешіктіріп жатыр, – дейді депутат Qaz365.kz тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының кешіктіріліп жатқанын депутаттар осының алдында мониторинг жұмыстары алдында білген. Тапсырыс беруші – Павлодар облысының құрылыс басқармасы. Жұмыстың аяқталу мерзіміне 1,5-2 ай ғана қалған. Алайда операция залдары қалай бос тұрды – солай тұр. Қара жұмыстардың әлі көбі бітпеген. Құрылыс сапасы бойынша да көптеген ереже бұзылған. 

– Бұл жерде, біріншіден, терезелерді ауыстыру кезінде Совет үкіметінен қалған бетон терезе жақтауларының үстіне пластика жақтауларды қойып жатыр. Авторлық қадағалау органы біздің көзімізше айтқан кезде мұның бәрі демонтаж болуы керектігін ескерткен. Алайда бұлар демонтаж жасамайды. Үстіңгі қабаттардың бәрін бетон жақтаудың үстіне пластика жақтау қойғалы жатыр, – дейді Амангелді Маханбет.

Компанияның жауапсыздығын айтып, депутаттар мәселе көтерген. Облыстық мәслихатқа депутаттардың құрамы биыл наурызда келген. Ал емхана құрылысы 2022 жылы басталып кеткен. Ол тұста облыс әкімі Әбілқайыр Ысқақов болған. Сол кісінің бастамасымен емхана құрылысы басталған.
Депутат әлеуметтік желіде жариялаған видеосында бір-біріне киілген бөтелкелерді (болжам бойынша анаша шегуге арналған, қолдан жасаған құрылғы) көрсетеді. 
 

«Құрылыс компаниясының басшысы бізбен бұл жолы сөйлеспей қойды. Депутаттарға «есеп беруге міндетті емеспіз, сіздермен сөйлеспейміз, бізде тек тапсырыс берушімен келісімшарт бар» деп кездеспеген. Депутаттар мемлекет алдында қызметіміз бар екі тарап бір-бірімен келіспей қалдық. Біз әр қабатты көріп, жұмыс істеп жатқан адамдарды көріп, құрылыс барысын бақылау кезінде қабаттардың бірінде бірінші «аппарат» тұр. Видеоға түсіріп алып, басшылыққа айтып едік. Олар тағы жауап бермей қойды. Алтыншы қабатта анаша шегуге арналған тағы бір аппаратты таптық. Полиция департаментіне жүгініп едік, олар бір сағат бұрын бізге ресми жауап жазды. Аппарат тәркіленіп, зерттеліп жатқанын хабарлады», – деді депутат.
 

Амангелді Маханбет «Базис-А» компаниясы тарапынан құрылыс жұмыстары мүлде қадағаланбайтынын, кабинеттерінде аппарат қалыпты деңгейде тұра беретінін айтады. 
 

«Екінші блокта пластик терезелер мен есіктердегі бөлмелерде аурулар жатыр. Бұлар екі блокты ғана жөндеп жатыр. Арғы жағында науқастар мен дәрігерлер болса, бергі жағында құрылысшылар жүр. Бес-алты рет бардық. Қаншама өтініш бердік. Үлкен компанияның қалалық кішкентай аурухананы жөндей алмай, шуға айналдырғаны сұмдық», – дейді депутат.

Амангелді Маханбетке полиция жауап беріп, «аппарат» тәркіленгенін, құрылыс басында жүрген азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені хабарланған.
Еске сала кетейік, Павлодардағы №1 қалалық аурухананы қайта жөндеу жұмыстарына бюджеттен 12,3 миллиард теңге бөлінген еді. Бұл сомаға екі қабатты Д және Г блогы, сондай-ақ А блогын жөндеп, қайта құру жоспарланған. Ғимарат 1986 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген.
Г және Д блоктарында бірінші қабатта күндізгі стационар, орталықтың сһеск-up аймағы орналасады. Екінші қабатта жаңа жабдықтары бар 11 операциялық бөлмеден тұратын оперблок, санитарлық өткізу пункт, барлық қосалқы бөлмелері бар жабдықты зарарсыздандыру орталығы, жалпы залы бар үлкен және кіші конференц-залдар орналастырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда тағы 50 мың камера пайда болады
Бүгін, 17:45

Алматыда тағы 50 мың камера пайда болады

Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған
Куәгерлердің айтуынша, иттер ауыз тұмылдырықсыз жүріп, көпшілікке үрген
Оның ішінде 4 кәмелет жасқа толмаған бала болған
Ол ішкі ағзалардың зақымдануы және ауыр травматикалық шоктан қайтыс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →