×

Түркияда Палестинаны жақтаушылар АҚШ-тың әуе базасына шабуылдады

НАТО-ның Түркиядағы ең ірі әскери базасы

Түркияда Палестинаны жақтаушылар АҚШ-тың әуе базасына шабуылдады
Egetelegraf

Түркияда наразылар Адана аймағында орналасқан АҚШ-тың Инжирлик әуе базасына басып кіруге талпынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Анкараға сапарлауына бір күн қалғанда орын алып отыр.

Әуелі бейбіт басталған жиын соңынан тәртіпсіздіктерге ұласқан. Олар АҚШ-тың әуе базасын жабуды талап еткен.

Тәртіп сақшылары наразыларды газ бен су шашып таратуға тырысты.

Инжирлик – НАТО-ның Түркиядағы ең ірі әскери базасы. Онда тек АҚШ-тың ғана емес, Еуропа елдерінің де әскери күштері орналасқан.

Олар Сириядағы лаңкестерге қарсы соғыс жүргізіп келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →