×

Ақмола облысында өрттен үш бала қаза тапты

Алты айлық сәби ғана аман қалды

Ақмола облысында өрттен үш бала қаза тапты
ашық дереккөзден

Сенбі, 25 қарашада Ақмола облысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда үй өртеніп, үш кішкентай бала қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

25 қарашада Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

Алты айлық сәби ғана аман қалды, деп жазды 716kz. Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →