×

Жетісу облысында жолға шығып кеткен жылқы адам өліміне себепкер болды

Көліктегі 54 жастағы жолаушы ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды

Жетісу облысында жолға шығып кеткен жылқы адам өліміне себепкер болды
polisia.kz

Жетісу облысында жол бойына шығып кеткен жылқы адам өліміне себепкер болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, аталған көлік кенеттен жолға атып шыққан ірі атпен соқтығысқан.

«Ауди А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жылқының иесі іздестірілуде. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →