×

Екібастұзда тағы да апат: Жылу стансасында күл құбырынан ақау шықты

Жылуға жауапты компания жағдай бақылауда дегенге сендіреді

Екібастұзда тағы да апат: Жылу стансасында күл құбырынан ақау шықты
Фото: «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС

«Екібастұзжылуэнерго» мекемесінің хабарлауынша, Екібастұз ЖЭО-да станса су беру температурасын уақытша төмендеткен. 10 желтоқсанда сағат түнгі бірде Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымданғаны анықталған. Ақау таңғы 5.30-да жойылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехындағы багерлік сорғыны су басып қалған. Жылуды тоқтатпас үшін резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылған. Жылу мекемесінің басшылығы ЖЭО мен Екібастұз төтенше жағдайлар басқармасының жұмысшы персоналының күшімен су айдау жұмыстары жүргізіп жатқанын хабарлайды. Багерлік сорғы стансасын ауыстыру және кейіннен іске қосу үшін резервтік қозғалтқыш дайындалғаны жөнінде мәлімет берілген.

Қазір стансада жеті қазандық агрегаты жұмыс істейді (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының үш қазандығы мазут арқылы уақытша.

«Екібастұзжылуэнерго» кәсіпорнының деректері бойынша, беру температурасы 70 градус, гидравликалық қысым бекітілген режим шеңберінде қамтамасыз етілген.
Компания алдағы сағаттарда багерлік сорғыны іске қосу жұмыстары аяқталатынын, содан кейін кестеге сәйкес көмірдегі су жылыту қазандықтарының стандартты жұмысы қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, былтырғы қыста жылуы өшіп, қатты зардап шеккен қаланың бірі Екібастұз болатын. Апат салдарын жою жұмыстары кейін бірнеше айға созылған. Ал былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда мұндай жағдай қайталанбауы керектігін ескерткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →