×

Энергетика министрлігі елдегі апаттар жайлы мәлімдеме жасады

Ең бастысы, тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді

Энергетика министрлігі елдегі апаттар жайлы мәлімдеме жасады
Qaz365.kz

Энергетика министрлігі елдің бірнеше қаласында жылу жүйелерінде болған апаттар мен ақауларға байланысты кешқұрым есеп берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Ақтау, Балқаш және Екібастұз қалаларын жылумен қамту мәселесі бойынша ақпараттық хабарлама: 9 желтоқсан күні Балқаш қаласындағы Абай және Абдугалиев көшесіндегі  жылу желісінің құбырына зақым келіп, 6 сағат ішінде түн мезгілінде қалпына келтірілді. Екібастұз қаласында қазіргі таңда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беруде іркіліс болған жоқ. Ақтау қаласындағы 11а ықшамауданында жылу желісі зақымдалған, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуда”, – деп есеп береді ведомство.

Министрлік бұл қалаларда орын алған оқиғалар технологиялық бұзушылықтар ретінде сипатталатынын атап өтеді. “Ең бастысы, тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді”, –  делінген хабарламада.

“Биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылды. Осының арқасында жылумен жабдықтау бойынша үлкен апаттардың алдын алуға шаралар қабылданды. Энергетика министрлігі энергетикалық нысандарды пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста және жағдайды қадағалауында ұстап отыр”, – деп хабарлайды ведомство.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →