×

Алматыда мектептің бірі ноутбуктарды қымбат бағамен сатып алмақ болған

Мұндай заңсыздықты антикорға көмектескен еріктілер анықтады

Алматыда мектептің бірі ноутбуктарды қымбат бағамен сатып алмақ болған
Ашық дереккөздерден

Антикор тексеріп, 315 мың теңгеге сатып алуға болатын ноутбукты мектеп басшылығы 500 мың теңгеге сатып алмақ болғанын анықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Қараша айында Алматы қаласында орта мектеп жалпы құны 12,5 млн теңгеге 25 компьютер сатып алуды жоспарлаған, яғни әрбіреуін 500 мың теңгеден алмақ болған. Алайда, мониторинг барысында техникалық ерекшелік бойынша қолайлы моноблоктың құны шамамен 315 мың теңге екені анықталды. Қорытындысы бойынша сатып алу тоқтатылып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген антикор хабарламасында.

Мұндай заңсыздықты антикорға көмектескен еріктілер анықтап отыр. Олар биыл 750 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алған. Сонымен қатар, волонтерлік аясында кәсіби заңгерлер, адвокаттар 9 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес берді.

Жобаның мақсаты жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді азаматтарды, мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік секторды және қоғамдық бірлестіктерді тарту болып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →