×

«Жағым сынған, есімнен тандым»: Алматыдағы қайғылы апаттан кейін автобус жүргізушісінің аудиосы тарады

Онда жүргізуші әйел не болғанын айтады

«Жағым сынған, есімнен тандым»: Алматыдағы қайғылы апаттан кейін автобус жүргізушісінің аудиосы тарады
Ашық дереккөзден

Кris.p.original паблигі автобуста болған жүргізушінің аудиосы деген видео таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Онда жүргізуші әйел не болғанын айтады. 

«Ол есікті ашуды талап етті. Мен оған «келесі аялдамадан шығасың» дедім. Ол маған қазір «... шығарам» деп қорқытты. Мен оған сенбей, «давай-давай» деп ары кете бердім. Тарс-тарс екі соққы жасады ғой деймін. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Есімнен танып қалдым. Ештеңе есімде жоқ. Жағым ауырып, сөйлей алмай отырмын. Жақ сынған. Сол жерімнен ұрды. Басым тоқтамай айналып тұр», – дейді әйел.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда автобус аялдамада тұрған бір топ адамды қағып кеткен еді. 

«Бүгін, 22.12.2023 жылы сағат 18.15-те 47-ші маршруттағы автобустың жолаушысы жанжал шығарып, көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған. Ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған», – делінген Алматы қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханаға жеткізілді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →