×

“Жіппен қылқындырып өлтірген”: полиция Талдықорғанда жоғалған оқушының өліміне қатысты күдіктілерді атады

Қыз бала қарашаның басында жоғалып кеткен

“Жіппен қылқындырып өлтірген”: полиция Талдықорғанда жоғалған оқушының өліміне  қатысты күдіктілерді атады
Фото: Instagram / halyk_zhurnalist.kz

Талдықорғанда 14 жастағы оқушының өлімі бойынша анасы мен өгей әкесі күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz ақпарат көзі Orda.kz басылымына сілтеме жасап.

«Бізге іс егжей-тегжейлі жарияға жатпайтыны жөнінде жауап келді. Алайда ерлі-зайыпты – баланың анасы мен өгей әкесі соққы жығылмағаны, олардың барлық заңды процессуалды нормалары қатаң сақталғаны хабарланады. Оның үстіне кеше ер адамды дәлелдің аздығынан уақытша оқшаулағышқа қамап, қайта босатқан. Бүгін оны әйелімен беттестіру көзделген. Соның алдында ол видео жариялап, полицияға айып тағып отыр», - деп жауап берген полициядан.
Қыз бала қарашаның басында жоғалып кеткен. Анасы Айсабакиева оның жоғалып кеткені жөнінде арызды 2023 жылдың 28 желтоқсанында жазған. Ол кезде қыз баланың әйелмен айырылысып кеткен әкесі жағының туыстары іздестіре бастаған.
«Жауап алу барысында әйелдің сөздері бір-бірімен қайшы келіп, баланың анасының өзі күдікке ілінген. Ол алғашынды қызының өлімін мойындаған. Алғашқы жауабында әйел оқиға 6 қарашада болғанын айтқан. Олар қызымен Талдықорғандағы өгей әке жалдаған PitStop СТО-сында болған. Сол жерде анасы мен қызы ұрсысып қалған. Даудың соңы анасының қызын жіппен қылқындырып өлтіруімен аяқталған. Сол күні Айсабакиевтер баланың денесін Range Rover джипінің артына тиеп, Текелідегі тауға апарып көміп тастаған. Алайда 3 қаңтарда Айсабакиева жаубаын өзгертіп, қызын күйеуі қылқындырғанын айтқан. Күйеуі «саған оңай жаза беріледі» деген сөзіне иналып мойындаған-мыс», - деп жазады Orda.kz басылымы.
Тергеу органдары қыз баланың денесін таппай жатыр. 
Еске салайық, бүгін Талдықорғанда осыдан екі ай бұрын 14 жастағы қыз бала жоғалып кеткен отбасында жаңа жыл қарсаңында тағы бір оқиға болып, іс ушығып бара жатқанын жазған едік. Таяуда осы отбасындағы өгей әке Қазақстан президенті мен бас прокурорына, ішкі істер министріне жолдады. Оның айтуынша, үйдің отағасы мен бала емізіп отырған әйелін полиция қызметкерлері бөлімшеге әкеткен. «Тіпті, мені тауға апарып полиция қызметкерлері сабап тастады» деп мәлімдейді ол.
Бұған дейін журналист Сандуғаш Дүйсенова Талдықорғанда екі айдан бері 14 жастағы оқушы қыз жоғалып кеткенін хабарлаған еді. Ол тұста полиция істің мән-жайы анықталып жатқаны жөнінде мәлімет берген.
Сол кезде қыздың анасы өгей әкесімен бірге тұратыны белгілі болған. Нағашысының айтуынша, күйеуі оны ұрып, қысым көрсетеді. Жоғалған қыздың оқиғасына да соның қатысуы болуы мүмкін екені айтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Айыппұлдардың жалпы сомасы 22 млн теңгеден асады
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өлім 29 мамырда тіркелгенін мәлім етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →