×

Автобус жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалды ма? Полиция департаменті жауап берді

Жүргізушіге  қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді

Автобус жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалды ма? Полиция департаменті жауап берді
Коллаж Qaz365.kz

Алматыда үш адамның өлімімен аяқталған автобус апатынан кейін жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ Qaz365.kz тілшісіне берген сұхбатында Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек мұны жоққа шығарды.


«Бұрын хабарлағанымыздай, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қалалық ПД анықтау басқармасымен ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушісі Ш. есімді азаматшадан, жәбірленуші ретінде қылмыстық істер аясында жауап алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады», – дейді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұған дейін автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева өзіне «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.

Жүргізуші әйелге шабуыл жасады деген ер адам оқиға орнынан кетіп қалмақ болғанын еске сала кетейік. Бұған куәгерлер мұрсат бермей, өздері ұстап алған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті  2 ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.
Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →