×

«1WIN» онлайн-казино ісі: Lamborghini тәркіленіп, 1,5 миллиард теңге бұғатталған

«1WIN» онлайн-казино ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды

«1WIN» онлайн-казино ісі: Lamborghini тәркіленіп, 1,5 миллиард теңге бұғатталған
Фото: pxhere

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан, ТМД және алыс шетел аумағында жұмыс істеген «1WIN» онлайн-казиносының заңсыз қызметіне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Онлайн-платформа заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен қатар, мыңдаған отандастарымызды тартып, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет көрсеткен. Ақшалай қаражат интернет-эквайринг арқылы аутентификациясыз қабылданған, бұл тіпті кәмелетке толмағандарға да құмар ойындарға қатысуға мүмкіндік берді. 2023 жылдың өзінде-ақ онлайн-казино айналымы шамамен 4 миллиард теңге болған.

«Тергеу жалғасып жатыр, онлайн-казино сайты бұғатталды, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Тәркіленуге жататын мүлікке және жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге ақшалай қаражатқа тыйым салынды, сондай-ақ "Mercedes-Maybach S500» және «Lamborghini Huracan» автокөліктері тәркіленді», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →