×

ТЖМ Алматыда хостелде болған өрттің ықтимал себебін атады

Өрттен 13 адам қаза тапқан еді.

ТЖМ Алматыда хостелде болған өрттің ықтимал себебін атады
Фото: Qaz365.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы хостелде болған өрттің ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ өкілдері министрден Алматы хостелінде бірнеше адамның өліміне себепші болған өрттің тұтану себебін сұрады.

«Бұл жарық қондырғысының қызып, балқуынан туындаған қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Екінші нұсқа – өрт ұшқыны болуы ықтимал. Яғни, біреу темекі тұқылын немесе сіріңке шырпысын тастауы мүмкін. Негізгі себептері осы болуы ықтимал», – деді Сырым Шәріпханов.

Еске салайық, 2023 жылы 30 қарашада Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысынан кейін депутат пікір білдірді
Ол қалай тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →