×

«Сіздермен сұхбатқа келген жоқпын»: Аймағамбетов Қарағандыда кіммен дауласып қалды

Депутат Қарағандыға «сұхбатқа келмегенін» айтады

«Сіздермен сұхбатқа келген жоқпын»: Аймағамбетов Қарағандыда кіммен дауласып қалды
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтың Қарағандыдағы жергілікті өзін-өзі басқару органының төрағасы Мұрат Нұрғалымовпен сөз таластырған сәті әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен сіз қалағандай емес, өз қалауымша жауап беремін», – дейді видеоның басында Аймағамбетов.

Нұрғалымов 30 жылдан бері не себепті мектептерде әлі күнге дейін Кеңес заманынан қалған құрал-жабдықтар тұрғанын сұрайды. Депутат Қарағандыға «сұхбатқа келмегенін» айтады. «Заңнама бойынша нақты маған қандай ұсыныстарыңыз бар?» деп сұрайды. Өңір тұрғындарымен депутат кездесуге келгенін, сұхбат алғысы келсе, қарсы адамға тәртіп бойынша алдын ала жазылуы керектігін атап өтеді.

«Басқа сұрақтарыңыз болмаса, басқа адамдардың уақытын алып отырсыздар», – деген Аймағамбетов басқа азаматтарды қабылдай бастайды.

Келгендер соңғы сұрақ қоюға тырысады. Алайда Аймағамбетов келесі келген азаматтарды қабылдап, олардан сырт айналады. «Позор вам, депутат» дейді кетерінде келушілердің бірі.

Мұрат Нұрғалымов осы кездесу жөнінде көлдей пост жазып, Аймағамбетовты парақшасында сынап өткен.

«Парламент депутаттары бюджет есебінен күн көреді әрі ай сайын миллиондап ақша алады. Олар өз міндеттерін орындай алып жатыр ма? Асхат Аймағамбетов өзіне заңдардағы өзгерістер туралы сұрақтармен келу керектігін айтады. Былайша айтқанда, біздің «халық қалаулылары» мүлде қызмет еткісі келмейді, өйткені іс жүзінде азаматтар тек проблемаларын айтуы керек, ал депутаттар оны қалай шешуі тиіс? Асхат Аймағамбетов бұған дейін Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болған. Алайда мәселе мектептерге ойысқанда, мектеп аумақтарының көрінісі өте жайсыз екені айтылғанда ол мектептің атауы туралы сұрады. Оған Қ. Сәтбаев мектебі туралы айтылған кезде ол «бұл жаңа мектеп пе?!» деп сұрады. Шамамен 50 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан мектеп жайлы қалай білмеуі мүмкін. Жаңа мектептерді саусақпен санауға болады ғой. Егер олар қойған сұрақтарына жауап бермесе, олар "Аманат" партиясының филиалдарын несіне аралап жүр екен?» – дейді постында Нұрғалымов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Суық пен сыздың ауыр азабы»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасының күйі
Бүгін, 17:08

«Суық пен сыздың ауыр азабы»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасының күйі

Осы жылы еліміздің 10 облысында су тасқыны салдарынан 224 елді мекен 17 603 тұрғын үй зардап шекті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →