×

"Автобус бұзылған", Ақмола облысында жолда қалған шетелдіктер құтқарылды

65 жолаушы қауіпсіз жерге жеткізілді

"Автобус бұзылған", Ақмола облысында жолда қалған шетелдіктер құтқарылды
polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер автобустың бұзылуына байланысты тасжолда қалған шетелдіктерді құтқарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавловск республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус істен шықты: ауа құбыры жарылды. Көліктердің қозғалысы үшін жабық жолда жүргізуші мен 65 жолаушы қалды, оның ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел. Олар – Тәжікстан азаматтары. Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Тулегенов пен Нұрсұлтан Сағандықовтың құрамындағы "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы келді.Олар оқиға туралы ТЖ құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлады. Полицейлер автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді. 

Мұнда шетелдік азаматтар жолдың ресми ашылуына және қозғалыстың қайта басталуына дейін болады.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады
30.04.2024ж. 14:36

Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады

Сотқа дейінгі тергеу басталды
Жыртқыш сырттағы 2 итті де талап кеткен
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр
Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →