×

Жетісу облысында депутатты өлтіріп кетті

Полиция күдіктінің 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады

Жетісу облысында депутатты өлтіріп кетті
Ашық дереккөзден

Жетісу облысында 34 жастағы мәслихат депутаты кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz

15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде масаң күйдегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полиция күдіктінің 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады. Тәртіп сақшылары келгенге дейін күдікті жұмысшыларға жақтасқан 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салып үлгерген. Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Алайда зардап шегуші алған жарақатының салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Күдікті Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қатар қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, қылмыскердің қолынан қаза тапқан ер адам – Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты – Дәурен Слямов болған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
Кеше, 19:46

«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

Бас прокуратура күдіктіні елге қайтару туралы сұрау салуды дайындау үшін өтініш жолдады
Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →