×

Алматыда жер сілкінгенде үшінші қабаттан секірген тұрғынның жағдайы белгілі болды

Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар бес балл дүмпуді сезген кезде алды-артына қарамай, жапа-тармағай сыртқа ұмтылған

Алматыда жер сілкінгенде үшінші қабаттан секірген тұрғынның жағдайы белгілі болды
Максим Морозов

Қорыққанынан үшінші қабаттан секіріп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Алматыда өткен түні болған жер сілкінісінен жалпы 67 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында 12 бала бар. Бес тұрғын әлі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі KTK.KZ-ке сілтеме жасап. 
Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар бес балл дүмпуді сезген кезде алды-артына қарамай, жапа-тармағай сыртқа ұмтылған. Қысылысып-сығылысып үстіңгі қабаттан төмен қарай түсе берген сәтте кейбірі құлап мертіккен. Ел-жұрттың басым бөлігі ауруханаға бас жарақаты мен сіңірлері созылып кетіп түсіпті. Оның 55-і  ересек адамдар болса, қалғаны — бала. Көбісі үйінен емделуге жіберілген. Ал сілкіністен зәресі ұшып үшінші қабаттан секіріп кеткен 33 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ота жасалды. Алған жарақаты ауыр дейді дәрігерлер. 
Ермек Желдібаев, Алматы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының хирургия бойынша директордың орынбасары:

– Жалпы қосарланған ауыр дене жарақаты, миы шайқалып, бастың жабық жарақаты, саны, жамбасы сынған. Келген кезде барлық дәрігерлермен қарап, шұғыл түрде көмек көрсетіліп, ота жасалды. Қазіргі жағдайы тұрақты. Шоктан шықты. Жансақтау бөлімінде тиісті ем алып жатыр. Басқа екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде кешенді тексерістен кейін алғашқы көмек көрсетіліп, қазір емделіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →