×

Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады

Қостанайлық такси жүргізушісі мәлімдеме жасады

Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады
Фото: ашық дереккөзден

Қостанайлық әйел жала жапқан такси жүргізушісі үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Такси жүргізушісінің айтуынша, бұл жағдайдың кесірінен әйелдің жақындарына буллинг жасалмауы керек.

«Бұл оқиға 24 желтоқсанда болды. Мұның тарап кеткенін қаламаған едім. Видеоны кейбір таныстарыма жіберіп едім, біреуі оны желіге салып жіберген. Ешкімге өкпем жоқ, кешірім де сұрамаймын, себебі ол әйел оған лайық емес. Айтарым – кез келген жағдайға дайын болып жүріңіздер, бастысы, түсінгенім – менің арым таза», – деді ол.    

Айта кетейік, 2023 жылғы 24 желтоқсанда Қостанайда әйелдің таксиде шу шығарып, жүргізуші зорлық көрсетіп жатыр деген видеосы тараған еді.

2023 жылдың 24 желтоқсанында Қостанай полициясына тұрғын хабарласып, такси жүргізушісі екеуі арасында жанжал туындағанын хабарлаған. Қыздың полицияға жүгінуіне жанжал себеп болған. Такси жүргізушісі қыздың нақты тұрған жеріне емес, мобильді қосымшада көрсетілген мекенжайға келген-мыс.

Алайда полицияның мәліметінше, әйелдің жазықсыз жүргізушіге жала жауып жатқаны әшкере болған.

«Қол жүгіртті» деп құзырлы органға көрінеу жалған қоңырау шалғаны үшін жауапқа тартылған қостанайлық тұрғын құқық бұзушылық үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл арқалады. Айыппұл сомасы – 110 760 теңге.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →