×

Ботақарадағы жарылыс: Марқұмның туысы жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Марқұмның туысының айтуынша, жағдайдың қалай болғаны туралы толық ақпарат еш жерде жоқ

Ботақарадағы жарылыс: Марқұмның туысы жағдайдың қалай болғанын айтып берді
©️ instagram/ablaisultangali

Ғабдолла Дүйсенбаев өз парақшасында Қарағанды облысындағы Ботақара ауылында болған оқиғаны айтып берді. Оның әпкесі мен жездесі қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Марқұмның туысының айтуынша, жағдайдың қалай болғаны туралы толық ақпарат еш жерде жоқ. Түнгі бірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоғарыдағы көршілердің бірінің пәтерінде баллон жарылған. Нақты кімнің жөндеу жұмыстарын жүргізгені және газ баллонын пайдаланғаны белгісіз.

«Көршімнің пәтерінде аспалы төбеге арналған газ баллоны жарылды. Бұл пәтердегі жөндеу жұмыстарын түнде жалдамалы жұмысшылар жүргізді. Олар туралы ешқандай мәлімет жоқ. Шетелдіктер екені белгілі. Ал оларға не болғаны тағы белгісіз екенін ағам жазды», – дейді Ғабдолла Дүйсенбаев.

Ол сондай-ақ туыс әпкесі қайтыс болғанға дейін плитаның астында жатқанын айтты.

«Әпкем плитаның астында ұзақ уақыт жатып, көмек сұрады. Күйеуі бірден қайтыс болған. Ал әпкемді бір сағаттан астам ешкім шығара алмады. Өйткені кранға қажетті батерея таба алмаған. Бұл Бұқар жырау ауданындағы жалғыз кран болатын. Ақыры ұзақ ақылдаса келе жүк көтергіш әкелуді ұйғарып, пешті жылжытқан. Ол кезде әпкем мәңгілік сапарға аттанып кеткен», – деп жазды Ғабдолла.

Марқұмның туысы постының соңында жөндеу жұмыстары неліктен түнде жүргізілді деп сауал тастайды. Төтенше жағдайлар қызметі мен жауаптылар қайда болғанын түсінбейді. Шлакоблоктан үй салуға бола ма? Газ баллоны кімдікі деген сұрақтарды қояды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ботақарада 2 қабатты үйде газ баллоны жарылған болатын. Қайтыс болғандар Бұқар жырау ауданының тергеушісі Дәурен Тұрсынбековтың әкесі мен анасы. Қарағанды облысы ІІД басшылығы жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Кеше, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →