×

«Жұмысқа кіргеніне 10-ақ күн болған»: Үржарда қатігездікпен өлтірілген жігіт жайлы тың дерек айтылды

Оқиға 30 қаңтарда түнде болған

«Жұмысқа кіргеніне 10-ақ күн болған»: Үржарда қатігездікпен өлтірілген жігіт жайлы тың дерек айтылды
Фото: ашық дереккөзден

Марқұмның туысының айтуынша, оның көз жұмған бауыры да, оны өлтірді деген күдікпен ұсталған күдікті те аудандық комиссариатта жұмыс істеген. Оның үстіне көз жұмған жігіттің жұмысқа кіргеніне бар-жоғы 10 күн ғана болған. Ақпаратты марқұмның әпкесі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін редакциямыз Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылында 2001 жылы туған азаматты аяусыз, 11 жерінен пышақтап өлтіріп кеткенін жазған еді. Оқиға 30 қаңтарда түнде болған. Бейресми ақпаратқа қарағанда, күдікті аудандық әскери комиссариатта жүргізуші болып жұмыс істеген. Облыстық полиция департаменті кісі өлтірді деген айыппен бір адамның ұсталғанын растаған болатын.

Сондай-ақ уатсап әлеуметтік желісінде де  кісі өлтірді деген жігіттің әскери комиссариатта жүргізуші болып жұмыс істейтіні жөнінде бейресми ақпарат тарады. Алайда Қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Жангулин редакциямызға берген жауабында күдіктінің әскери комиссариат қызметкері екенін жоққа шығарған еді. https://qaz365.kz/incidents/6282-bauyzdap-kozine-deiin-pyshak-sug-yp-ketken-urzharda-22-zhastagy-zhigitti-oltirip-ketti/

Бүгін Qaz365.kz тілшісі марқұмның әпкесімен сөйлесіп, көз жұмған жігіттің де, күдіктінің де бір жұмыс орнында – әскери комиссариатта жұмыс істегенін растады.

«Оның (көз жұмған жігіттің) әскери комиссариатта жұмысқа кіргеніне 10-ақ күн болып еді. Өзі әскери кафедраны бітірген. Мамандығы технолог болатын. Әлі ес жинаған жоқпыз. Олар бірге жұмыс істеген. Бірге жүрген. Мен қазір ештеңе деп айта алмаймын. Қазір есімізді енді жиып жатырмыз», – дейді марқұмның әпкесі Шолпан.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннен туыстарының сөзіне қарамастан, не себепті екеуінің де әскери комиссариатта істегенін жасырғанын сұрағанбыз. Ол ресми хат жолдауды сұрап, қысқа қайырды.

Qaz365.kz бұл оқиғаның мән-жайын, жай-жапсарын назарында ұстайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Кеше, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →