×

«Өз еркімен берілген жоқ»: Полиция Дәкебаевтың ұсталуы жайлы айтты

Полиция Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Өз еркімен берілген жоқ»: Полиция Дәкебаевтың ұсталуы жайлы айтты
Фото: Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны үшін іздеуде болған Нұрболат Дәкебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полицейлер күдікті ер адам іздеуде жүргенде өзі беріліп, келмегенін, бірақ олай істеуге мүмкіндігі болғанын айтты.

«Іздеудегі күдікті Дәкебаев заңды түрде де және іс жүзінде де өз еркімен берілген жоқ. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамның өз еркімен берілуі қарастырылған. Бұл жағдайда айыбын мойындау немесе полиция бөліміне өз еркімен келуі болған жоқ. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының кешенін жүргізіп, нәтижесінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Дәкебаев ұсталды», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Ресми деректерге сәйкес, қылмыстық істі тергеу істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін қылмыстық заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Еске салайық, бұған дейін күдікті Нұрболат Дәкебаевтың кешірім сұраған видеосы пайда болды. Ол 1 ақпанда полицияға өз еркімен берілгенін айтады. Ал полицейлер өзіміз ұстадық деген болатын.

Ал Төреғали осының алдында таяқ жегеннен кейін мұрны, қабырғасы сынғанын, көзінен жарақат алғанын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады
Қазақстанның құқық қорғау органдары оны Ресейден елімізге экстрадициялады
Бұл дәстүрлі түрде білімді кеңейтуге мүмкіндік беретін ауқымды форум

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →