×

«Алтын орда» базарының бұрынғы директоры сотталды

Сот үкім шығарды

«Алтын орда» базарының бұрынғы директоры сотталды
Фото: Ермек Марқабаевтың Facebook парақшасынан алынды

«Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаев төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Ермек Марқабаевқа 296-баптың 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша айып тағылды.

Сот мәліметінше, былтыр жазда Алматы – Бішкек тасжолында полиция қызметкерлері артқы жолаушылар орындығында сотталушы отырған автокөлікті тоқтатқан. Жеке тінту кезінде оның ішінде ұнтақ зат бар байлам табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама нәтижелері бойынша бұл зат психотропты зат болып шықты: салмағы 1,796 грамм болатын "мефедрон".

Прокурор сотталушыны кінәлі деп тауып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, айғақ беруден бас тартты.

«Сот жаза тағайындау кезінде сотталушы М.-ның баласының болуын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімі бойынша, М., ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ермек Марқабаев 2023 жылдың маусымында «Алтын Орда» маңында ұсталған болатын. Содан кейін полицейлер тінту кезінде одан ұнтақ пен тапанша табылғанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
22.11.2024ж. 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →