×

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 400 млн теңге ұрлап, ақшаны құмар ойынға салған

Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 400 млн теңге ұрлап, ақшаны құмар ойынға салған
Фото: baq.kz

Мектепке құмар ойындарға тәуелді бухгалтер жұмысқа қабылданғаны кейін белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Диапазонға сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ақтөбедегі №55 мектебінің бас бухгалтері ұсталған. Қылмысын ол 2015-2023 жылдар аралығында жасап, жалпы шығын 413 миллион теңгені құраған. Жымқыру кезінде директордың электронды санды қолтаңбасы қолданылған. Ақыры, қылмысы ашылып, қаржыгер ұсталды.

Сотта істің таңғаларлық егжей-тегжейі айтылған. Мемлекет ақшасын ұрласа да бухгалтер байымай, букмекерлерге ставка жасап, бәрінен айырылған. Сотта оның жылдар бойы құмар ойынға тәуелді болғаны анықталды. Адвокаты жұмысқа орналасқанға дейін сотталушы құмар ойындардан зардап шегіп, несиеге батқанын айтқан.

Адвокаты сотталушының антикормен ынтымақтасқанын және соның арқасында басқа адамдарға қатысты құқықбұзушылықтарды анықтауға қол жеткізілгенін ескеру қажет екенін атап өтті.

Сот жарыссөзінде адвокат сотталушы психиатриялық аурумен (лудомания) ауырады деп мәлімдеді.

Бухгалтер ұрлық жасағанын мойындады, бірақ айыптау бабын қайта қарауды сұрап отыр. Сот әлі аяқталмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Бүгін, 21:32

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →