Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен
Қарағанды облысында 18 сағат бойы боранда адасып жүрген әйел мен жеті жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қарағанды облыстық ТЖД әлеуметтік желідегі ресми парақшасында түнде Ақтоғай ауданы Айыртас ауылында белгісіз бағытқа кеткен 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған баланы іздегенін мәлімдеді.
Олар үйінен 7 ақпан күні сағат 14:00 шамасында шығып кеткен. Бүгін таңда іздестіру тобы жоғалып кеткен әйел мен баланы Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 шақырым жерден тапты.
Құтқарылғандар Ақтоғай ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. ТЖД өкілдері ауа райының қолайсыздығына байланысты үйден шықпауға кеңес береді.