×

Таразда 9-сыныпта оқитын қыз сыныптасының тамағын пышақпен орып жіберді

Қазір қыз облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды

Таразда 9-сыныпта оқитын қыз сыныптасының тамағын пышақпен орып жіберді
Фото www.diapazon.kz

Таразда тоғызыншы сыныптағы оқушы қатарласының тамағын пышақпен орып жіберді. Екеуі де №35 мектептің оқушылары, деп хабарлайды  Qaz365.kz тілшісі Информбюроға сілтеме жасап. 

Қазір қыз облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Жасөспірімнің мұндай әрекетке баруын жақындары жын иектеуімен түсіндіреді. 

Оқушының сыныптасын серуендеуге шақырып, күтпеген жерден пышақ сермеген жағдай бір апта бұрын болған. Жайсыз хабарды полициядан естіген мектеп әкімшілігі есеңгіреп қалғандарын айтады. Тергеу барысында қыздың ұялы телефонынан өлім-жітім, қанды оқиға жайында кинолар шыққан. Сорақысы  тоғызыншы сыныпта оқитын тәлімгердің қатарласын құрбан етуге күн бұрын дайындалып, ас үй пышағын арнайы сатып алғаны анықталыпты. 

«Пышақты бір апта бұрын дүкеннен алып, үйіне әкеліп қойған. Сосын серуендеп жүріп қайтайық деп шақырып алған. Оқиға алтыншы шағын ауданының 29-шы үйдің артқы жағында болған. Полиция бөлімі анықтау жүргізгенде телефонынан үнемі осындай кинолар көретіні анықталды. Әртүрлі қорқынышты кинолар көрген. Ішкі дауысы қыздың осыны қалағанын айтты», – дейді №35 орта мектебі құқықтық тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ғабит Кадеров. 

Оғаш қылыққа оқталған оқушы осылайша құрбысының тамағын осып жіберген дейді білім ошағындағылар. Суық қару абырой болғанда күре тамырға сәл жетпей қалған. 

«Ішкі дауыс оған нұсқаулық бергеннен кейін өзі де жарақат салғанын білмей қалған.  Қазір шок жағдайында. Пышақтың ұшы кірген. Егер шамалы 1-2 миллиметр болғанда жарақат ауыр болар еді. Күре тамыр кесіліп те кетуі мүмкін еді. Құдайға шүкір. Қыздың жағдайы жақсы. Жарақат орнын тікті», – дейді сынып жетекшісі Шолпан Жарқиева. 

Ал күдіктінің анасы сол түні қызы қан-жоса болып келгенін айтады. Жеткіншек болған жайды тылсым ішкі дауыстың бұйрығымен орындадым депті. Белгілі болғандай, іс-әрекеті күмәнді оқушы бұған дейін бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бірақ анасы бұл жай туралы ешкімге тіс жармапты. 

«Шок алған. Сол пышақты қалай ұстағанын білмейді. Былай бәрі кесілген. Өзінің қолын кесіп тастаған. Сөйтіп үйге қан-қан болып келді. Мама мен жасаған жоқпын деді. Маған дауысым солай нұсқады», – деген деп отыр қыздың анасы Назгүл Динбаева.

Қызының жаман атын шығармас үшін анасы ауруханаға жатқызудан бас тарттым дейді. Өзі де осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Осылайша дәрігерге де, молдаға да оқытып көрген. Бірнеше мәрте мектеп, сынып ауыстырып оңалып кетер деген үмітте болыпты. Бірақ қызы ішкі дауыстардың маза бермей соңғы кезде жиілеп кеткенін айтқан. Сондай сәтте сөзге келіп ұрыстым, содан ол бар агрессиясын басқадан алуға көшкен болуы бек мүмкін дейді. 

«Сол ұрыстан соң агрессияға кеткен. Өзін жаралау, өмірден түңіліп кетті да не үшін өмір сүріп жатырмын деп. (Жылап қалады). Өз-өзіне диагноз қоятынды шығарды. Философиялық кітаптар оқып кетті. Ішкі дауыстарды бақылап, жақсылыққа апармайтынын бақылайтындай болдым деген»,  – дейді Назгүл Динбаева.

Полиция қылмысқа қатысты іс қозғап, тергеуді бастады. 

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленуші тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін госпитализациясыз үйіне жіберілді. Қалған мәлімет қылмыстық процессуалдық кодекс бойынша жариялауға жатпайды», – дейді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Қазір күдікті облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Дәрігерлердің диагнозынан кейін ішкі істер департаменті нақты шешім шығаратын болады. Ал оқушының ахуалын біле тұра бүркемелеген мектеп басшысы мен психолог өз еркімен жұмыстан шеттетілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →