×

Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кетті – Динара Зәкиева

Бишімбаевты ақтап шығуға бағытталған әрекеттер жасалуда дейді Зәкиева 

Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кетті – Динара Зәкиева
Qaz365.kz коллажы

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қамауда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевты ақтау науқаны болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экс-министр былтыр 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде қастандықпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған.

«Қазір Салтанат Нүкенованың ісі бойынша соталды немесе сот барысында сотталушыны ақтау мақсатында фактілерді әдейі бұрмалауға әрекет жасалатыны туралы ақпарат бар. Кейбір адамдар осы медиа науқанға кірісіп кеткен. Адамдардың бұған қалай қатыса алатынын, зорлық-зомбылықты қалай ақтауға болатынын түсіну мүмкін емес. Бұл іс бойынша әділ сот жазадан құтылу мүмкін емес деген нақты сигнал болуы керек», – дейді Динара Зәкиева.

Айта кетейік, қаңтар айының басында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхамади мәлімдеген еді. Оның айтуынша, тараптар іс материалдарымен танысқан соң және қорғаушы тараптың өтінішінен кейін іс прокуратураға шешім шығару үшін жолданады.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →