×

Антикор Президенттік кадрлық резервтің түлегін қамауға алды

Антикор ақпаратты растады

Антикор Президенттік кадрлық резервтің түлегін қамауға алды
Фото: igtipc.org

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. 

«Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басқарма төрағасын ұстады. Соттың санкциясымен оған қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына.

Айта кетейік, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, компанияның басқарма төрағасы – 39 жастағы Олжас Ағабеков.

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының директорлар кеңесінің құрамына экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев та кіргені белгілі. 5 ақпанда Антикор қызметкерлері Ошурбаевтың кеңсесінен құжаттарды тәркіледі.

Олжас Ағабеков – президенттік кадрлық резервтің түлегі. Ұзақ жылдар Энергетика министрлігінде, кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігінде қызмет еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды
Кеше, 11:29

Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды

Желтоқсан – наурыз аралығында облыс аумағында 13 қылмыс жасаған
Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Талғар қаласындағы Шерзаттың қайтыс болуына байланысты «Қамажай» дүкеніндегі оқиға қайталана жаздады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →