×

«Артында төрт баласы қалды»: «ҚазАвтоЖол» қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Ол оқиға орнында көз жұмды

«Артында төрт баласы қалды»: «ҚазАвтоЖол» қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Фото: ҚазАвтоЖол

2024 жылдың 10 ақпанында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы бүгін, 13 ақпанда «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасынан белгілі болды.

«2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1285-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға орын алды. Оқиға салдарынан (тұрған көлікпен соқтығыс) Қызылорда ҚБ бас маманы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы өзінің тікелей міндетін атқару кезінде қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Самара-Шымкент тасжолының Арал ауданы Сазды ауылы учаскесінде қозғалыс қайта жанданғаннан кейін Toyota Alphard көлігі компания қызметкері тұрған жерде тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан қайғылы оқиға орын алды.

«Соқтығыс салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда алты жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жұбайы қалды», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетіледі деп сендірді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және барлық қажетті материалдық қолдау көрсетеді», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
Бүгін, 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →