×

Қызылорда облысында оқушының мәйіті табылды

Оқушының қайтыс болуына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы түсініктеме берді

Қызылорда облысында оқушының мәйіті табылды
Фото: pixabay.com

Қызылорда маңындағы Белкөл кентінде №189 мектептің 9-сынып оқушысы қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан соң мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жасөспірімнің қайтыс болуына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы түсініктеме берді. 12 ақпан күні Қызылорда қаласы Белкөл кентіндегі медициналық амбулаторияға 2008 жылы дүниеге келген жасөспірімнің мәйіті жеткізілген.

Білім басшысының айтуынша, Қызылордаға қарасты Белкөл кентінде 12 ақпан күні түскі сағат 14:00 шамасында қайғылы жағдай тіркелді.

«Кенттегі медициналық мекемеге жеткізілген №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды. Алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Мәлім болғаны, балалар арасында келіспеушілік туындаған. Оқиға көпқабатты үйдің подьезінің алдында болған. Қасында болған үш бала оны кенттегі медициналық мекемеге жеткізген. Тергеу амалдары негізінде қайтыс болған баланың денсаулық жағдайына байланысты мәліметтер анықталады», – деді Асқарбек Есжанов.

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен әкім орынбасары, қала әкімі, білім басқармасының басшысы қайтыс болған баланың отбасына барды.

«Білім саласының мамандары әрбір баланың өміріне жауаптымыз. Қайғылы оқиғадан кейін тәрбие жұмысын әлсіреткені үшін мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен кетті», – деді басқарма басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған
Бүгін, 09:54

Алматы облысында күйеуі әйелінің жұмысына барып, өлтірмек болған

Ер адам мектепке барып, баласына да зиян келтіруге тырысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →