×

Ақмола облысында әкімнің орынбасары жауапқа тартылды

Ол прокурордың ұсынуына уақтылы жауап бермеген

Ақмола облысында әкімнің орынбасары жауапқа тартылды
Фото: gov.kz

Ақмола облысында әкімнің орынбасары прокурордың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қосшы қаласының прокуратурасымен бюджеттік заңнаманы бұзу бойынша прокурордың ұсынуына уақтылы жауап бермегені және прокурорды оның қаралатын уақыты мен орны туралы хабарламағаны үшін әкімнің орынбасары Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша 370 000 теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес прокурорлық қадағалау және ден қою актілері олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.

«Лауазымды тұлғаның прокурордың ұсынуын қараусыз қалдыруы не онда көрсетілген заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы, сонымен қатар уақтылы жауап бермеуі (ӘҚБтК-нің 664-бабы), 8 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады. Сондай-ақ прокурордың қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарламауы немесе уақтылы хабарламауы (ӘҚБтК-нің 666-бабы) 200 АЕК-ке дейін мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға әкеп соғады», - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Егер прокурорлық қадағалау актілерін орындамау азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, онда бұл Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша қудаланады.

Осыған ұқсас бұзушылық бойынша ЖАО тағы 2 лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →