×

Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел қандай жауапкершілікке тартылады

Балалар 5 жыл бойы құлдықта болған

Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел қандай жауапкершілікке тартылады
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытауда өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел жайлы тың дерек айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл оқиғаға қатысты әйелдің үстінен екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі асыраушының құқығын бұзғаны үшін, екіншісі азаптау бойынша. Қылмыстық іс аясында барлық тарап қарастырылады. Аталған баптар бойынша ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Лепеха.

Еске салайық, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытау облысында балалар 5 жыл бойы құлдықта болғанын мәлімдеген болатын. Кейін  Ұлытауда балаларды құлдыққа салған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы және 18 сиыр болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған
Бүгін, 15:50

Талғарда тағы да ауыр қылмыс: төрт жігіт жасөспірім қызды зорлаған

Күдіктілердің бірі жәбірленушімен бұрын таныс болған.
Автокөлік иесі көлігін оталдырып, кілтін ішінде қалдырған
Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында
Соңғы 3 жыл ішінде пойыздарда 14 сәби дүниеге келген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →