×

«Адам басына 10 мың доллар сұрады»: Қазақстандық қыздар Таиландта құлдыққа түсіп қалған

Шетелде 100-ге жуық қазақстандық құлдықта жүр

«Адам басына 10 мың доллар сұрады»: Қазақстандық қыздар Таиландта құлдыққа түсіп қалған
Фото: ашық дереккөзден

Екі қазақстандық азаматша Таиландтағы джунглиде құлдықта болған. Қазір Қазақстаннан тыс елдерде 100-ге жуық отандасымыз құлдықта жүр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Соңғы екі жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар», – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ ол Таиландта құлдықта болған Қазақстанның екі азаматы  құтқарылғанын айтты.

«Биыл қаңтар айының соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Осылайша, екі Қазақстан азаматы алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған», – деді Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Олар Таиландқа табысы көп жұмыс іздеп барған.

«Бір қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп, алданып қалған. Сөйтіп, Таиландқа жұмыс істеуге барған... Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады. Олардың өзінде де, туыстарында да ақша болмаған. Жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай ішінде екі қызды құтқардық», – деді СІМ ресми өкілі.

Ол ақша талап еткен шетелдіктерге бір тиын да берілмегенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер
Кеше, 15:29

Қуандық Бишімбаевтың әкесі Салтанатқа үйленуіне қарсы болған – ресейлік блогер

Наталья Грэйс Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотына қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →