×

Қарағанды облысында өрттен бір үйдің төрт баласы қайтыс болды

Полиция балалардың қанша уақыт жалғыз қалғанын және өрттің себебін анықтап жатыр

Қарағанды облысында өрттен бір үйдің төрт баласы қайтыс болды
Видеокадр

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылында жер үйде өрт шығып, балалар көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Белгілі болғандай, балалар ата-анасының қарауынсыз қалған. Өрт шыққан кезде ересектер көршілерінің үйінде болған.
Полиция балалардың қанша уақыт жалғыз қалғанын және өрттің себебін анықтап жатыр.
Өртті сөндірген соң төрт, үш, екі жастағы ер балалар мен бір қыз баланың денесі табылды.
Балалардың ата-анасына әзірге тергеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Бейресми дерек көздеріне қарағанда, өртке пештен шыққан жалын себеп болуы мүмкін.
Қайғылы оқиға орнында өртке қарсы қызмет сарапшылары мен полиция жұмыс жүргізуде.

Қазақстанда мұндай қайғылы жағдай алғаш рет емес. 2019 жылы Астананың Көктал-1 елді мекенінде көмірмен жылынатын жер үйде өрт шығып, бір отбасының бес қызы көз жұмды. Бұл қайғылы оқиға қоғамда резонанс туғызған болатын. 

2021 жылы Жамбыл облысына қарасты Жаңатас қаласында да газ баллоны өртеніп, бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қаза тапқан болатын.

Ал былтыр Абай облысы, Аягөз қаласында газ баллоны жарылып, бір үйден 4 бүлдіршін көз жұмды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Келтірілген материалдық шығын өндіріліп алынады
Қазақстанның құқық қорғау органдары оны Ресейден елімізге экстрадициялады
Бұл дәстүрлі түрде білімді кеңейтуге мүмкіндік беретін ауқымды форум

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →