×

Алматыда неге жер сілкінісі жиілеп кетті

Жер сілкінісінің энергиясы бірнеше жерден шығып жатқаны сол жарылыстардың көлеміне байланысты

Алматыда неге жер сілкінісі жиілеп кетті
novastan.org: UGC

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының жер қыртысының флюидті режимінің зерттеу зертханасының меңгерушісі Елизавета Есенжігітова Алматыда жер сілкінісі неге жиілеп кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір Алматыда жағдай тұрақты, қалыпты. Біздің мәлімет бойынша, мониторинг тобы Алматы қаласын бақылауда. Қолдағы мәліметтер бойынша ірі жер сілкінісі әзірге байқалмайды. Ал бүгін болған жер сілкінісі 23 қаңтарда болған жер сілкінісінің автошогы ретінде тіркелді. Жер қыртысында жер сілкінісі осындай болады. Себебі ірі жер сілкінісі болғаннан кейін жер қыртысы өзінің қалыпты жағдайына келу үшін осындай автошоктардың азаюымен біршама уақытта қажет етеді», – дейді ол.

Тағы оқыңыз: "10 қарапайым ереже". Жер сілкінісі кезінде алматылықтар нені білуі тиіс 


«Афтершоктар неге жиілеп кетті?» деген сұраққа Елизавета Есенжігітова жер сілкінісі табиғи процесс екенін, жер сілкінісінің жердің беткі қабатқа шығуы үлкен жарылыстардың пайда болуымен тіркелетінін айтады. Жер сілкінісінің энергиясы бірнеше жерден шығып жатқаны сол жарылыстардың көлеміне байланысты. 

«Афтершоктардың болуы да табиғи процесс. Нақты бұл қанша уақытқа созылатыны және қанша уақыт болатыны белгісіз. Бірақ мұның бірнеше ай немесе бір жылға созылуы мүмкін», – дейді Елизавета Есенжігітова.

Ал төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің айтуынша, сейсможаттығулар Алматыда заң бойынша жыл сайын төрт рет өткізіледі. Бұл сейсможаттығудың бірінші мақсаты – халықтың дайындығын арттыру. Себебі мұндай төтенше жағдайлар кезінде азаматтар қай жерге жиналып, қандай әрекеттерді жасауы керектігін білуі тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Кеше, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →