×

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Қылмыстық іс Астана қаласы сотында қаралады

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Фото: facebook.com/Куандык Бишимбаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 11 наурызда өтеді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі ақпаратта көрсетілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық іс Астана қаласы сотында қаралады. Сотталушылардың қатарында Қуандық Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

Еске салсақ, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қылмыстық іске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Жақында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Бишімбаевты ақтау науқаны басталып кеткенін айтып, дабыл қаққан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады
06.05.2024ж. 09:39

Тоқаев ерлік көрсеткен кеншіні марапаттады

Ол 4 конвейерлік штрегінде пайда болған түтінді  жойған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →