×

«Қатты жер сілкінісі болады»: Аймақтардан Алматыға ТЖД қызметкерлері келіп жатқаны рас па

Желіде түрлі хабарлама тараған

«Қатты жер сілкінісі болады»: Аймақтардан Алматыға ТЖД қызметкерлері келіп жатқаны рас па
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде жер сілкінісіне қатысты әртүрлі хабарламалар таралып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желіде таралған хабарламалардың бірінде басқа аймақтардағы Төтенше жағдай департаментінің өкілдері Алматыға шақырылып жатқаны айтылады. Хабарламада осы түні жойқын жер сілкінісі болатынына байланысты қосымша көмек қажет етілетіні атап өтілген.

Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті өкілдері бұл ақпаратты 14:50-де жоққа шығарды.

«Қазір сейсмологтың үндеуін қараңыздар, сағат 16:00-де қорытындысын шығарады. Қазір афтершоктар болады дейді. Афтершоктардың айырмашылығы бірінші дүмпумен салыстырғанда бәсеңдеу болады. Біз сейсмикалық аймақта тұрамыз. Ешқандай жерден ешкім келе жатқан жоқ. Ондай ақпарат жоқ. Әкімнің үндеуі болады», – деді Алматы қаласы ТЖД өкілі.

Еске салайық, 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 5 балға жеткені айтылды.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр
Бүгін, 12:30

Бестеректегі оқиға: зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Дәрігерлер үшінші баланың жағдайы да ауыр деп отыр. 
Сот үкімі шыққаннан кейін бұған дейін журналистерге түрін түсіруге тыйым салған Жиенбай Пралиев аяқ астынан сұрақтарға ашық жауап берді
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →