×

«Ағасы үлкен лауазымда»: ШҚО-да әкесі кісі қолынан өлген тұрғын әділдік іздеп, Президенттен көмек сұрады

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында биыл 2 наурыз Жандос Көшеров атты азамат кісі қолынан өлген

«Ағасы үлкен лауазымда»: ШҚО-да әкесі кісі қолынан өлген тұрғын әділдік іздеп, Президенттен көмек сұрады
Видеокадр

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылында биыл 2 наурызда Жандос Көшеров атты азамат кісі қолынан өлген. Оның туыстары содан бері күдікті қамауға алынбағанын жазады. Марқұмның туыстары оның қамалмауын Астанадағы ағасының үлкен лауазымды қызметте болуымен байланыстырады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыс қалай болған?

Қайтыс болған ер адамның туған бауыры – журналист, «Қазақ радиосының» бас директоры Нұртас Солтанұлы әлеуметтік желіге жариялаған жазбасында 2 наурыз күні Қалжыр ауылында ағасы Кушеров Жарас Солтанұлын сол ауылдың тұрғыны Нурмуханов Бауыржан Максатович пышақтап өлтіріп кеткенін жазады. 

«Бұл туралы марқұм ағам менің апайым Жадыраға тірі кезінде хабарласып үлгеріп, телефонмен көмек сұраған. “Мені Нурмуханов Бауыржан пышақтап кетті, қор болдым-ау” деп айтқан. Содан бері 4 тәулік өтсе де, күдіктіні қылмыстық іс бойынша қамауға санкция берілген жоқ, тек полицияға бағынбағаны үшін ғана әкімшілік іспен қамады. Күдікті бұған дейін де 2 адамды өлтіріп, бір жолында условно алса, келесі қылмысы үшін 3,5 жыл ғана отырған. Себебі, оның туыстары өте ауқатты және ықпалды адамдар болғандықтан деп ойлаймын. Мысалы, күдікті Нурмуханов Бауыржан Максатовичтің немере ағасы Нурмуханов Бакыт Маратович ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары. Қолымызда бар мәлімет бойынша, қазір істі тергеп жатқан тергеушілер оның ауылдастары, жергілікті РОВД бастығы Жандос Кушкинчинов, Марқакөл аудандық прокурорының орынбасары Ержан Азимбаев та, бірі Нурмухановтардың ауылдастары болса, енді бірі жақсы араласатын адамдары», – деп жазады ол.

Президенттен көмек сұрады

Нұртас Солтанұлы «олар ағам күдіктіге шабуыл жасау кезінде өзін-өзі пышақтап өлді дегенге әкеле жатыр» деп тұспалдайды.

«Тіпті ертең менің ағама неше түрлі жала жауып, өзін кінәлі етіп шығаруы мүмкін! Бұған дейін 2 адам өлтірген Нурмуханов Бауыржан тағы да құтылып кетуі мүмкін. Бұл қоғамға қауіпті адам. Бүгін мені қан қақсатса, ертең Сізді зар жылатуы мүмкін! Жергілікті ШҚО Полиция департаментінің бастығы Е. Омарбековке де осы мәселені айту үшін барғанмен, ол кісі әзірге қабылдамады. Бізге тек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ғана көмектесе алады. Барлық үмітіміз ҚР Конституциясы сақталуының гаранты – Президент мырза ғана!» – дейді ол.

Осылай деген журналист марқұмның қызы Саяның Президентке жолдаған видеосын жариялады. Қызы болған оқиғаны баян етеді.

Ресми органдардың реакциясы

Осы жағдай бойынша отбасының Президенттен көмек сұраған видеосын әлеуметтік желі қолданушылары жаппай бөліскеннен кейін ШҚО полиция департаментінен комменттер арасында пікір пайда болды.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Бұл мәселе ШҚО Полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында», – деп хабарлайды департамент.


Алайда марқұмның туыстары жергілікті полицияға сенбей қалған. Бұл істі тергеуді ҚР ІІМ тергеушілеріне тапсыруды сұрайды.

Нұртас Солтанұлының жазбасына Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай да пікір қалдырды.

«Иманды болсын! Қатаң бақылауға алынды», – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған
Бүгін, 09:43

Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →