×

«Ханның қызы»: Антикор қызылордалық белсендінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

 Антикор пікір білдірді

«Ханның қызы»: Антикор қызылордалық белсендінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөзден

Гүлшара Әбдіхалықоваға «ханның қызы» деп ат қойған қызылордалық белсенді Сандуғаш Тұрлыбекова ұсталған еді. Осыған қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бүгін жаңақорғандық белсенді Сандугаш Турлыбекова ұсталды деген бейресми ақпарат шығып жатыр ватсап желісінде. Белсендінің парақшасында  өзі де видео жариялаған. Онда орган қызметкерінің “қылмыстық іс бойынша” деген дауысы естілген. Ұзынқұлақтан жеткен сыбыс жер мәселесіне қатысты бопсалауға күдікті-міс. Осы ақпарат рас па?” – деген  блогер Үйтолған Жарекенің сауалына Антикордың Қызылорда облыстық филиалының өкілі жауап берген. 

«Қайырлы күн. Сіздің «Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланған жазбаңызға қатысты келесіні хабарлаймыз: Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен көрсетілген іс-әрекеттер жүзеге асырылған жоқ.  Мән-жайларды басқа тиісті құқық қорғау органынан пысықтау қажет», – делінген жауапта.

Бұған дейін белсенді Сандуғаш Тұрлыбекованың екі күн бұрын жер мәселесін көтеріп, әлеуметтік желіге пост жазғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, 2020 жылы әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықоваға ашуланған жергілікті тұрғынның видеосы тараған еді. Бейнежазбада облыс әкімінің бір нысандарды аралауына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізбей, көшені жауып тастағаны айтылған. Жаяу жүріп шаршаған тұрғындардың бірі Гүлшара  Әбдіхалықованың алдынан шығып,  осы мәселені көтергенімен, әкім ашулы тұрғындармен тілдесіп, мән-жайды түсіндіріп жарытпаған. «Мен жолды жаптырған жоқпын» деп қысқа қайырып, жүйткіген  сүліктей қара машинасына мініп кеткен. Қызылордалық тұрғын «бұл ханның қызы ма» деп айтып қалған еді. Содан бері Әбдіхалықованы бәрі «ханның қызы» атап кеткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →