×

«Біздің қорғаушымыз жоқ»: ұсталған жалғызбасты белсендінің бес баласы Президенттен көмек сұрады

Әкімді «ханның қызы» атаған

«Біздің қорғаушымыз жоқ»: ұсталған жалғызбасты белсендінің бес баласы Президенттен көмек сұрады
Скриншот

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұратын көпбалалы жалғызбасты ана, белсенді 40 жастағы Сандуғаш Тұрлыбекова «екі адамды бопсалады» деген күдікпен ұсталғанына үш күн болды. Бүгін оның балалары видеоүндеу жариялап, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Азаттықтың" жазуынша, Тұрлыбекованың қызы анасының айыпты мойындамайтынын, ұстауды белсенділігімен байланыстырғанын мәлімдеген.
6 наурыз кешке Тұрлыбекова үйіне полиция келгенін, есігін бұзуға әрекет етіп жатқанын айтып, Facebook парақшасында тікелей эфирге шықты. Көп өтпей әлеуметтік желіде оның екі қолынан екі полицей ұстап тұрған фото тарады.

Белсендінің туыстары полиция Тұрлыбекованың тұрғын үйіне тінту жүргізгенін айтады. Ал Тұрлыбекованың қызы Шакизат Олжабай анасын ұстауға «дәлел және негіз жоқ» деп санайды.

«Біздің қорғаушымыз жоқ. Біздің әке-шешеміз ажырасып кеткен. Бесеуіміздің басқа ешкіміміз жоқ. Анамыз кінәлі емес. Еш дәлел немесе факт жоқ. Анамызды жазықсыз ұстап отыр. Бізді аямасаңыздар да, кішкентай інімізді аяңыздаршы», – дейді белсендінің балалары көз жасына ерік беріп.

Видеоны әлеуметтік желіде белсенді Құрал Сейітханұлы жариялаған. Тұрлыбекова қылмыстық кодекстің «бопсалау» бабымен күдікке ілініп, тергеу изоляторына қамалған. Полиция департаменті оған «әлеуметтік желіде екі адамның жеке өмірін масқаралайтын ақпарат таратып, оны өшіру үшін ақша бопсалады» деген айып тағылғанын, «бұлтартпас дәлелдер бар» екенін хабарлады.

Әлеуметтік желі қолданушылары белендіге ара түсіп жатыр. Солардың бірі депутат Ермұрат Бапи Бас прокуратурадан осы ақпаратқа байланысты қоғамға түсініктеме беруді талап етті.

“Бұл әйел қандай күдікке ілінді, оны тұп-тура мейрамның алдында қамауға алуға нендей қауырт қауіп себепкер болды?” – дейді ол.

Әкімді «ханның қызы» атаған

Сандуғаш Тұрлыбекова 2020 жылдың 16 шілдесінде Жаңақорған кентінің ауруханаларын аралап жүрген Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың алдынан шығып, "Ханның қызысыз ба?" деп төтесінен сауал қойып, жол жабылудың себебін сұрап, түсірген видеосын әлеуметтік желіде жариялаған еді.

Видеода Тұрлыбекова мініп келе жатқан микроавтобусты жол полициясы "әкім жүреді" деп жібермей тұрғаны көрінеді. "Әрі қарай жаяу кетуге мәжбүр болдым" деген Тұрлыбекова аурухана алдынан облыс әкімін көріп, "жолды жапқызатындай ханның қызы ма едіңіз?" деп сауал қояды. Белсендіге жүре жауап берген Әбдіхалықова кейін арнайы видео таратып, өзінің де, аудан әкімінің де, аудандық ішкі істер бөлімінің де жолды жапқызбағанын айтып, учаскелік полицияға кінә артқан. Облыс әкімі мен белсендінің диалогы әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі пікір туғызды. Тұрлыбекова осыдан кейін аудан әкімдігі мен аудан прокуратурасы шақырып, қысым жасауға тырысып жатқанын әлеуметтік желіде хабарлап жүрді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді
14.06.2024ж. 13:18

Енді әйелін ұрып-соққандар айыппұл төлейді

Әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген
Видеода екі жігіттің бір-біріне мықтап жабысып, жұдырықтасып жатқанын көруге болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →