×

Шымкентте гүл ұрлаған экс-полицейдің басы тағы дауға қалды – полиция не дейді

Полиция түсініктеме берді

Шымкентте гүл ұрлаған экс-полицейдің басы тағы дауға қалды – полиция не дейді
Видеодан кадрлар

Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі кафеде әйелдің телефонын тартып алған ер адам жайлы видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл факт бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бейнежазбада көрсетілген адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, М.Беков ІІО қызметкері емес екенін хабарлаймыз», – делінген Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, гүл ұрлаған бұрынғы полиция қызметкері тағы да әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Қазнетте ер адам әйелдің телефонын тартып алып, оның қайтар дегенін елемейтін видео тараған. Жергілікті Еlitar жазуынша, видео кейіпкері 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенінде жөнсіз әрекет жасады деп айыпталған полицейге ұқсайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →